деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш университет халықтық сапа белгісіне ие болған Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны. «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығының төрағасы Светлана Савченконың айтуынша, оқу ордасы базасында тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымы құрылады. Оған азаматтық ұстанымы жоғары ұстаздар мен оқушылар тартылып, университет пен жұртшылық арасындағы байланысты күшейтуге қызмет етпек.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанның білім беру нарығындағы көш басшы оқу орындарының қатарында саналады. Онда білім алып жатқан студенттердің 70 пайызы мемлекеттік грант бойынша оқып жүр. Ал 1,5 мың оқушы «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық олимпиада және ғылыми байқаулардың жеңімпаздары.