Астанадағы медицина университетінің студенттері Елбасының дәрісінен үлкен әсер алды

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісі елорданың бірнеше жоғары оқу орындарында да он-лайн режімінде интерактивті тақта арқылы көрсетілді.

Солардың бірі, Астанадағы медицина университетінің студенттері де Елбасының дәрісінен үлкен әсер алды. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  елдің экономикасын көтеру үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Халық дағдарысқа қарсы бағдарламаның  нәтижесін де көре бастады. Бүгінгі дәрісінде Президент Қазақстанның ғылым, техника және басқа да салаларына, өндіріс кәсіпорындарына бағыт-бағдар берді, кемшіліктерді атап көрсетті. Сондай-ақ  жетістіктерге де кеңінен тоқталды. Мен бұл дәрістен үлкен әсер алдым»,  дейді медицина университетінің жалпы медициналық кафедрасының 1-ші курс студенті Сымбат Тұрсынбаева.