Аяқ астынан төбедегі алып әйнек төменгі қабатқа құлап, 2 адам жарақат алған. Ал кейбір куәгерлер зардап шеккендер саны үшеу болуы мүмкін екенін айтады. Жоғарыдағы мәліметтерді ойын-сауық орталығының қонақтары Facebook әлеуметтік желісіне жазған.
«Бірақ ойын-сауық орталығы басшылары ешқандай ресми ақпарат бермеді», деп жазады телеарна сайтында. Қазір Mega маңайындағы қозғалыс бірқалыпты. Адамдар әдеттегідей лек-легімен сауда ойын-сауық орталығына ағылуда.