Астанадағы «Mega Silk Way» СОС орталығынан 8 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Меgа Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығында жоспардан тыс өртке қарсы оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эвакуациялау жөніндегі штаб бастығы баяндағандай, 4 минут 37 секундтың ішінде 8 мың адам қауіпсіз жерге шығарылды. Нәтиже көңілімізден шықты», - деді MEGA Center Managment директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Смағұлов.

Оқу-жаттығу барысында орталықтың өрт сөндіру командасы мен өрт сөндіретін арнайы көлікі таныстырылды. Сауда орталығының өртке қарсы  бөлімшесінде 16 адам бар. Олар әр ауысымда 4 адамнан жұмыс істейді.  Ғимараттың ішінде және сыртында 460 бейнебақылау камерасы орнатылған. Өрт дабылы толықтай орталық бақылау пунктінен басқарылады. 7 негізгі және 24 апат кезіне арналған есіктер де сауда орталығының тиісті қызметкерлерінің үнемі бақылауында болады.

Шара кезінде «Меgа Silk Way» өрт сөндіру командасы Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге кинозалдардың бірінен шыққан өртке қарсы жұмыла жұмыс істеді. Өртті сөндіру үшін сауда орталығындағы адамдар толығымен ғимараттан шығарылды.

«Сағат 11-00-де дабыл түсті. Бұл жерге үш өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелерінен 13 техника жөнелтілді. Осы көрсетілім жаттығуының қорытындысында азды-кемді кемшілік бар. Толықтай алғанда, сауда, ойын-сауық орталығы қызметкерлерінің жұмысын жақсы деп бағалаймын», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Айта кетерлігі,  «Меgа Silk Way» сауда, ойын-сауық орталғында өртке қарсы ахуалға ресми түрде тексеру жүргізу әр айдың 10 күні жүргізіліп отырады.