«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда.
Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Теміртауда спорт алаңында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалғанын хабарлаған болатынбыз.