«Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабты құру туралы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ ДБ-ның бастамасын мақтан тұтамыз. Бұл хаб біліммен бөлісуге және әлеуетті кеңейтуге қажетті тұғырнама»,-деп тоқталды Ж. Сұлтаноғлу.
Осы ретте БҰҰДБ өкілі хабпен бірлесе мемлекеттік аппаратты трансформациялауға байланысты жүйені қарастырып, бірлескен зерттеулер жүргізгенін атап өтті.
«Бұл хаб аталған мәселелерді талқылау үшін 32 ел мен 5 халықаралық ұйымның басын қосты. Осы шара өңірлік ынтымақтастықта және біліммен алмасуда жақсы үлгі болып табылады. Сондықтан осы шаралар бұндай маңызды секторда тәжірибені нығайтуға тың серпін береді»,-деді ол.