Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстандағы көші-қон мәселелеріне арналған конференцияда Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының Оралмандар мен босқындармен жұмыс жөніндегі бас маман Бейімбет Үсіпбек мәлім етті.
Оның хабарлауынша, биыл Астана қаласы бойынша тіркелген шетелдік азаматтардың саны - 67 324 адамды құрап отыр. Олардың 59 мыңнан астамы - ТМД елдерінің азаматтары. Ал осы мигранттардың 90 пайызға жуығын Ресей мен Өзбекстаннан келген азаматтар құрайды. Биыл Ресейден келген мигранттардың саны 23 223 адам болса, Өзбекстаннан 23 323 мигрант келді. Жалпы, биыл сыртқы көші-қон деңгейі артып, 58 мыңнан 67 мың мигрантқа дейін көтеріліп отыр.