Астанадағы Мирзоян және Мұңайтпасов көшелерінің тұрғындары сусыз қалды

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Елордалық «Алматы» ауданының тұрғындары дүйсенбі күні екі кештің арасында сусыз қалды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Мирзоян және Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында сағат 18.00 шамасында диаметр 250 мм құбыр зақымданды. Нәтижесінде Мирзоян көшесінде №1, 1/2, 3, 3/1, 5, 7, 7/1, 8/1, 9/1, 12, 14/1 үйлердің, Петров көшесінде 21/3 үйдің тұрғындары сусыз қалды. Министрліктің ақпараты бойынша, қазір оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бойымен Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, көлік қозғалысы шілденің 16-сы мен қазанның 15-іне дейінгі аралықта толық шектеліп отыр.