Астаналықтар қанша айлық алып жүр?
2022 жылдың қорытынды статистикасы бойынша, былтыр астаналықтардың орташа жалақысы 344 691 теңге болған. Бұл республикалық орташа жалақы мөлшерінен 94 380 теңге көп. Өйткені республика бойныша орташа айлық мөлшері 250 311 теңге деп белгіленген еді. Өйткені республика бойынша орташа айлық мөлшері 250 311 теңге деп белгіленген еді. Ал модальдік айлық (қала бойынша ең көп кездесетін айлық мөлшері – ред.) 247 498 теңге болыпты. Бұл республикалық көрсеткіштен 178 933 теңге артық. Республика бойынша модальдік жалақы мөлшері - 68 565 теңге ғана. Бұл көрсеткіш бойынша Астанамен Алматы ғана үзеңгі қағыстырып тұр – 247 371 теңге. Қалған өңірлердің көрсеткіші 100 мың теңгеге де жетпейді.
Ал медианалық жалақы (тіркелген жалақы сомалары шкаласының тең ортасында тұрған шама) - 258 535 теңге болған. Республика бойынша медианалық жалақы мөлшері 204 149 теңгені құраған. Яғни, бұл шама бойынша Астананың көрсеткіші республикалық көрсеткіштен жоғары.
Астанадағы еңбекке жарамды ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда жоғары. Медианалық жалақы ерлерде 278 792 теңге болса, әйелдер арасында 246 981 теңгені құраған.
Ал модальдік жалақы ерлерде 247 045 теңге болса, әйелдерде 247 693 мың теңге болған.
Астаналық ерлердің арасындағы орташа жалақы 383 150 теңге, әйелдер арасындағы орташа жалақы 306 719 теңге болған.
Халықтың жан басына шаққандағы табысы
Ресми статистика бойынша, 2023 жылы Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 130 616 теңге болған. Ал Астана халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 194 398 теңгені құраған.
Енді бұл табысты астаналықтар қалай жұмсап жүргенінен тоқталып көрейік. Ол үшін халықтың түрлі шығындарға өз табысының неше пайызын жұмсайтынына назар аударып көрейік.
Астана халқының шығыстары:
Ет пен ет өнімдеріне – 15,5 %.
Азық-түлік емес тауарлар – 9,3 %.
Киім, мата және аяқ киім – 7,9 %.
Коммуналды қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу – 7,4 %.
Нан өнімдері мен жарма өнімдері – 6,8 %.
Сүт өнімдері – 5,3 %.
Жиһаз, үй ішіне керекті заттар мен тұрмыстық техника – 4,9 %.
Жемістер – 4,4 %.
Өзге азық-түлік тауарлары – 4,1 %.
Өзге ақылы қызметтер – 4%.
Байланыс қызметтері – 3,8 %.
Көкөністер – 3,7 %.
Көлік қызметтер – 3%.
Қант, кондитерлік өнімдер және тәттілер – 2,8%.
Денсаулық сақтау – 2,7%.
Білім беру – 2,5 %.
Май және тоң май – 2,3 %.
Алькогольсіз сусындар – 2,1 %.
Балық және теңіз өнімдері – 1,7%.
Дәрі-дәрмектер, өңдеу жабдықтары және аппаратуралар – 1,8 %.
Жұмыртқа – 1,1 %.
Бос уақытты өткізу және мәдени қызметтер шығыны – 1,1%.
Басқа санатқа жатызылмаған тамақ өнімдері – 1%.
Тұрғын үй-жайды күтіп ұстау мен жөндеу материалдарына кететін шығын – 0,7 %.
Сұйытылған газ және отынның өзге түрлері – 0,2%.
Әлеуметтік төлемдер
2023 жылдың І тоқсанында Астана бюджетінен тұрғындарға қанша әлеуметтік төлем бөлгенін мынан кестеден көруге болады:
р/б № | Атауы | саны (адам) | 2023 жылғы сәуірінде төленгені, (млрд. теңге) | жыл басынан барлығы, (млрд. теңге) |
1. | Жасы бойынша зейнетақы | 119 257 | 12 287,0 | 48 989,0 |
2. | Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем | 112 698 | 4 334,0 | 17 277,0 |
3. | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы | 3 5521 | 1 970,0 | 9 831,0 |
4. | Арнайы мемлекеттік жәрдемақы | 39 321 | 1 856,0 | 7301 |
5. | Мемлекеттік арнайы жәрдемақы | 52 | 1,7 | 7,2 |
6. | Ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы | |||
7 | Семей ядролық полигонында ядролық зерттеулер салдарынан зардап шеккен адамдарға бір жолғы ақшалай өтемақы | 32 | 1,4 | 3,9 |
8 | Бала тууға байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы | 2 042 | 30,5 | 133,6 |
9 | Бір жасқа дейінгі балаларды күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақы | 5 648 | 157,3 | 574,6 |
314 571 | 20 637,9 | 84 117,3 | ||
119 257 | 12 287,0 | 48 989,0 |