«Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығының мәліметінше, 2012 жылдың жазынан бастап онда жерленгендердің паспорттық мәліметтерін тереңдету үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, онда жерленген танымал адамдар анықталуда. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ғалымдар Целиноградтың, Ақмоланың, Астананың тарихында жаңа беттерді ашуға негіз болатындай жаңа тізімді жария етуді жоспарлап отыр.
Құлпытастағы жазулар араб және парсы тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде аталған аудармаларды қазақ және орыс тілдерінде жасау үшін Астана мен Алматының ғалымдары тартылды. 2012 жылдың қарашасында тиісті жұмыстар аяқталып, ғылыми қорытынды жасалады деп күтілуде.
Айта кетейік, бейітті қоршау бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Белгілі болғандай, осы жұмыстарға Гуцариев есімді ағайындылар меценаттық еткен.