Бульвардың бойында жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, әзірше айыппұл салынбайды. Көлік жүргізушілеріне тек ескерту ғана жасалады. "Алайда қай күннен бастап айыппұл салатынымыз да белгісіз", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде көлікті жолдың бойында қалдыруға тыйым салатын барлық белгілерді ашып қойған.
Айта кетейік , бұған дейін ҚазАқпарат "Нұржол" бульварында көлікті жолдың бойында қалдыруға тыйым салынатыны жайында xабарлаған болатын. Ол жерде 422 ақылы тұрақ орны қарастырылған. Алайда электронды паркоматтар әлі іске қосылған жоқ.
Астанадағы «Нұржол» бульварының бойында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының бас кеңсесі, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, «Қазмедиа» орталығы, «Атамекен» ҰКП-ның бас кеңсесі және тағы басқа әкімшілік ғимараттар орналасқан. Бұдан бөлек, «Керуен» ойын-сауық сауда орталығына келетіндер «Нұржолдың» бойында өз көліктерін жиі тастап кетеді.