Астанадағы Оқушылар сарайының құрылысын жүргізіп жатқан арматурашы 6 метр биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада Оқушылар сарайының құрылысында жұмыс істеп жатқан арматурашы 6 метр биіктіктен құлап кетті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Дүйсенбі күні сағат 17-44-те «Алматы» ауданының «Ақ бұлақ 2» шағынауданына қарасты Дарабоз көшесі бойында салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары барысында 6 метрлік биіктіктен құлаған «Бақдәулет БК» ЖШС-нің 48 жастағы арматурашысы ауруханаға жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шегушінің жағдайы туралы ақпарат нақтыланбаған.