Астанадағы «Олимпиада күні» орталық стадионда өтеді

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Мамырдың 19-ы күні республика бойынша «Олимпиада күні» іс-шарасы өтеді. Астанада осы спорт мерекесіне арналған бәсtкелер Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ұйымдастырылады.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Астанадағы бөлімшесінің төрағасы Қуандық Елжановтың хабарлауынша, мерекелік іс-шараға ел мақтаныштары - Олимпиада чемпиондары шақырылып отыр. Олардың ішінде еркін күрестен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, палуан Георгий Цурцумия, боксшы Бақыт Сәрсекеев және тағы басқалар бар. «Олар «Олимпиада күніне» қатысқандардың бәріне өз қолтаңбаларын тарататын болады. Негізгі мақсат - жастарды, жалпы, барлық қазақстандықтарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау», - дейді Қ.Елжанов.

Айта кетейік, «Олимпиада күні» аясында депутаттар, Олимпиада чемпиондары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің 400 метр қашықтыққа жүгіру сайысы өтеді.