Астанадағы өрт салдарынан 3 адам ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Орда көшесінің бойындағы жеке сектор аумағындағы уақытша салынған құрылыс нысанындағы пешті бензинмен жаққан уақытта өрт тұтанып, оның соңынан 2 шаршы метр аумақтағы үй заттары жалынға оранды.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адам, Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 3 адамы келіп жетті. Оқиға орнынан түрлі деңгейдегі күйік шалған 1962 жылы туған ер адам мен 2000 және 2001 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.