«2018 жылы 2 наурызда сағат 14:19-да өрт байланысы орталық бекетіне Е38 көшесі, 30/1 мекенжайындағы «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт болған жерге сағат 14:20-да 4 негізгі, 3 арнайы өрт көлігі және жеке құрамның 26 қызметкері жіберілді. Барлығы 5 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 4 адам: бір әйел және 2010, 2013 және 2016 жылғы үш бала құтқарылған. Кейін құтқарушылар 1944 жылы туған кейуананы да қауіпсіз жерге шығарды», - дейді Астана ТЖД-ның ресми өкілі Аягөз Фазылова.
Оның айтуынша, көп қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердің балконындағы тұрмыстық бұйымдар өртенген, жалын 15 шаршы метрді шарпыған. Өрт 14:52-де толықтай сөндірілген.