"Бүгiнгi парад - жеке құрам, оның iшiнде әскери техника жарақтары, әуе күштерi - бұның барлығы бiздiң әскери қуатымызды толықтай паш еттi. Қазақстанда қарудың қаншалықты қуатты екендiгiн көрсеттi", - дедi авиация генерал-майоры тiлшiлерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Қазақстан әскерилерi шерудi кәсiби тұрғыда жақсы өткiзе алды.
"Жеке құрам жоғары деңгейде. Бүгiн көргенiмiздiң барлығы бiздiң әскери қуатымыз. Әскери шеру сәттi өттi деп қорытындылауға болады", - деп атап өттi ол.