Жаяу әскерлер шеруі аяқталған соң, Қазақстанның соғыс жылдарындағы және ең соңғы жаңа үлгідегі әскери техникалары алаңға шықты. Парадты Т-34 танкі бастап шықты. Бұл соғыс жылдарында аты аңызға айналған ең күшті танктердің бірі болған.
Ол басқа танктерді, құрышты автокөліктерді және ДОТ (ұзақ уақыт ату нүктесі), ДЗОТ (ағаш-топырақпен бекітілген ату орны) типтес басқа да құрышпен қапталған нысандарды және жаудың тірі күшін жоюға арналған. Тактикалық-техникалық сипаттамалары: танк экипажы 5 адам, танк салмағы 26,3 т., қарулануы: 76,2-мм Л-11 зеңбірегі, 2 не 3 7,62-мм ДТ пулеметтері. Атыс жиынтығы: зеңбірекке 76 атыс және пулеметтерге арналған 4725 оқ, ең жоғары жылдамдығы 53 км/сағ. дейін, жанармай бойынша жүріс қашықтығы 400 км. ҚР ҚК қатарында тұғырлар мен мұражайларда 5 бірлігі бар. «Семей инжиниринг» АҚ ҚР ҚК Әскерлерінің шеруіне қатысу үшін Т-34 танкін күделі жөндеуден тегін өткізген.
Естеріңізге сала кетейік, шараға қатысатын жалпы әскери техника саны 227 бірлік. ҚР Қарулы күштерінен - 188 техника шығады, оның ішінде Т-34 танктері, ЗИЛ-157 автокөліктері, ЗИС-2, М-30, РС30 «Катюша» қарулары бар.