Аталған парад ел тарихында рекордты көрсеткіштерімен ерекшеленді. Әлемнің 3 миллион көрермені тікелей трансляция арқылы әскери парадты тамашалады. Қазақстандықтардың рухын асқақтатқан парадты тек еліміздегі ғана емес, сондай-ақ шетелдегі отандастарымыздың да үлкен қызығушылығы байқалды.
Бұл орайда, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында, Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада, Франция, Германия, Венгрия, Чехия, Ресей Федерациясы, Гонконг (КНР) және Беларусь елшіліктері мен консулдарының ресми сайттарында тікелей трансляция ұйымдастырылды.
Ауқымды парадтың басталу сәтінде онлайн трансляциясын көруде рекордты нәтиже анықталды, атап айтқанда, парадты 8 мыңнан аса көрермен тамашалап, олардың ішінде 5 500-ден астамы бірегей келушілер екені белгілі болды.
Онлайн трансляциямен Ресей, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Үндістан, Индонезия, Түркия, Солтүстік Корея, Украина, Голландия және басқа елдердің тұрғындары парадты көруге мүмкіндік алды.
Қазақстанның бүкіл өңірлері мен Астана және Алматы қалаларының тұрғындары елімізде орналастырылған барлық LED-экрандардан тікелей эфир арқылы әскери парадты тамашалады.
Бұдан өзге Хабар, Қазақстан, 24.KZ, МИР республикалық телеарналары, сондай-ақ Tengrinews.kz/tv, Bnews.kz. ақпараттық порталдары тікелей трансляция жүргізді.