Астанадағы Ресей Федерациясы елшілігіне жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанадағы Ресей Федерациясы елшілігіне жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабар келіп түсті. Бұл туралы бүгін елорданың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпаратқа хабарлады.

Олардың мәліметіне қарағанда, департамент тарапынан арнайы үш техника мен 14 қызметкер аталған нысанға барды.

«12:50-де Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті тарапынан хабар келіп түсті», - дейді баспасөз қызметкері.

«Ресей елшілігінде жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабар. Бұл оқу-жаттығу шарасы емес», - деп түсіндірді ол. Атап айтқанда, тексеру шаралары сағат 15:00-де тоқтатылды.