Астанадағы Республика даңғылында үш күн көлік қозғалыс ішінара шектеледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 19-21 шілде күндері Республика даңғылындағы қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Республика даңғылыбойында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, 19-21 шілдеаралығында Республика даңғылы бойында Бөгенбай батыр даңғылы мен А. Имановкөшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ, сағат09:00-ден бастап Республика даңғылы - Ә. Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы -С. Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап - Республика даңғылы -Абай даңғылы, 21:00-ден бастап - Республика даңғылы - Кенесары көшелерініңқиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.

Елорда тұрғындарымен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын алажоспарлау қажет.

Жөндеу жұмыстарыныңаяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, аталған учаскедегі жұмыс күндіз-түні)жүргізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар