Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Елбасының Жолдауы талқыланды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараға ЖОО ректоры Ақылбек Күрішбаев, бірінші проректор Айтжан Әбдіров, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, тарих кафедрасы оқытушысы Шолпан Саяхимова «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбында баяндама оқыды. Ш.Саяхимова Елбасы Жолдауының әрбір бағытына жеке-жеке тоқталып өтті. Студенттер де азаматтық белсенділік танытып, Жолдауды қызу талқыға салды және Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қолдайтындықтарын білдірді.

Шараны қорытындылаған ректор А. Күрішбаев Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттарды атап өтті. Сондай-ақ «Ғылым туралы» заңға тоқталып,  университеттің бұл бағыттағы жоспарымен таныстырды. Жоспар мақсаты ғылими-зерттеу университетін құру болып табылады. Жолдауда көтерілген әлеуметтік маңызы жоғары - тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмады.