ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, қазанның 22-сі күні 20 сағат 55 минутта Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне, Есіл ауданы Тұран даңғылында орналасқан аталмыш сауда орталығындағы «Құрлық әлемі» мейрамханасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жасырын хабар келіп түсті.
Алынған хабарға сәйкес нысанға ТЖД-ның жеке құрамдағы 15 адамы мен 3 техникасы дереу жөнелтілді.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.