Ағымдағы жылдың ақпан айында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің бұйрығымен «Сарыарқа» ауданының су тасқынымен күрес комиссиясы бекітіліп, тәулік бойы диспетчерлік қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Астана қалалық ТЖД «Сарыарқа» аудандық ТЖБ баспасөз қызметі.
6 наурыздан 24 сәуірге дейін кезекшілік бөлімге су айдау туралы 4 937 өтініш келіп түсті. 4 937 өтініш (100%) бойынша жұмыстар жүргізіліп, 13 290 метр су жүргізу құбыры буландырылды және 3 281 текше метр ұсақ тас төселді.
Жеке сектор тұрғындары арасында қар шығару бойынша хабарлама тарату жұмыстарын жүргізу үшін және су тасқыны болған жағдайда саяжай тұрғындарын өздігінен көшіру үшін экологиялық табиғатты қорғау полициясының қатысуымен мобильді топ құрылды. Барлығы 1,7 мың хабарлама таратылды.
15:17, 25 Сәуір 2017
Астанадағы саяжайлардың тұрғындарына су тасқыны туралы ескерту берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ТЖД «Сарыарқа» аудандық төтенше жағдайлар басқармасы су тасқыны кезеңінің басталуына орай жеке тұрғын үйлер мен аулаларды су басуының алдын алу мақсатында жеке сектор аумағында бірқатар іс-шаралар өткізіп жатыр.