Ол бүгін ерекше күн екендігін атап өтті.
«Адамдарда мерекелік көңіл-күй сезіледі. Тұтастай алғанда біз, әрине, Қазақстанның болашағы, экономикалық тұрақтылығы, әлеуметтік қауіпсіздігі, рухани-адамгершіл даму үшін дауыс береміз», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №89 сайлау учаскесінде таңғы 07.00-ден бастап халық ерекше белсенділік танытуда. Учаскелік сайлау комиссиясының 09.45-тегі жағдай бойынша мәліметінше тіркелген 2555 сайлаушының 500-і дауыс беріп үлгерген.
Сайлау учаскесінде Оңтүстік Кореядан, Хорватиядан, Ресейден, Беларусьтан, Қытайдан, сондай-ақ ҰҚШҰ-дан халықаралық байқаушылар жұмыс істеуде.