Алынған жарақаттардан ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орын алған кезде көшеде жүріп бара жатқан азаматтардың ешқайсысы да жапа шеккен жоқ.
Оқиғаның мән-жайын білу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнынан өлім алдында жазған хаты табылды. Лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген нұсқа жоққа шығарылып отыр. Тергеу барысы жөніндегі толығырақ ақпарат кейін таратылады.