ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовпен кездесу барысында Монако Князі Астана туралы, соның ішінде Бейбітшілік және келісім сарайының, «Алау» мұз сарайының, «Хан Шатыр» СОСО-ның бірегей архитектурасы туралы өзінің әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ ІІ Альбер барлық спорттық нысандардың, соның ішінде велотректің инфрақұрылымы Қазақстанда Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарын өткізуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.