Мұндағы мақсат - су қой маларын өсімдіктердің басып кетуімен, соның ішінде балдырлардың гүлденуін болдырмау, деп хабарлайды astana. kz.
Сарапшылар балықтың осы түрі су қоймасының гидрологиялық режіміне оң әсер ететінін анықтаған. Амур балдырлармен және қамыспен қоректеніп, суды тазартатын балық.
Сонымен қатар, су қоймаларына тұқы шабақтары да жіберілді. Олардың санын ұлғайту балықшылар үшін тиімді болып отыр. Қазіргі кезде елорда тұрғындарының бірқатары Есіл өзені мен Ақбұлақ аумағында балық аулаумен айналысады. Ережеге сәйкес, бір адамға 5 келі балық аулауға рұқсат етілген. Ол үшін әртүрлі қармақ (жалтырауық, қармақ, спиннинг) қолданылады.