Астанадағы сулы-нулы бульварда қосымша бейнебақылау камералары орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Түркістен көшесінен Орынбор көшесінен дейінгі сулы-нулы бульвар аумағындағы құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта бұл орындарда қауіпсіздікті күшейту үшін қосымша бейнекамералар орнатылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Коммуналды шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бүгінгі күні бульварда гранит бағананы безендірген 10 шар шағылған, әрі жоғалған. Осы тектес бұзақылықтың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту үшін қосымша бейнекамералар орнатылады, делінген хабарламада. Сонымен қатар, ағымдағы жылы маусым айының ортасында Астана қаласында «Қала тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» қанатқақты жобасын жүзеге асыру басталды. Осының аясында қалада 100 бейнекамера орнатылды.