Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин жергілікті атқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Әкімдік құрылымының жемқорлық жағдайы жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шіпекбаев әңгімеледі.
«Құқықтық статистика мәліметтеріне сүйенсек, ішкі істер органдары, оның ішінде жергілікті полиция қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары ең жемқор астаналық құрылым болып саналады. Мектепке дейінгі және мектепте білім беру салаларында да жемқорлық жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
Астанадағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп тараған түрі өз қызметін асыра пайдалану, алаяқтық және пара алу екен.