Астанадағы табиғи ресурстар басқармасы ғимаратындағы өрт әлі сөндіріліп біткен жоқ - ТЖМ

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астанадағы табиғи ресурстар басқармасы ғимаратындағы өрт әлі сөндіріліп біткен жоқ.

ҚазАқпаратқа бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Эльдор Райымбеков хабарлады.

Анықталғандай, ол ғимаратта тек табиғи ресурстар басқармасы ғана емес, тағы үш экологиялық департамент болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, өрт туралы хабар сағат 10.08-де түскен. Сағат 10.59-да өрттің жайылуы тоқтатылған.

Бұдан бұрын хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ведомство ақпараты бойынша, өртке екінші санат беріліп отыр.

Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші техника және төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 40 адамы жұмыс істеп жатыр.