Астанадағы Ташенов көшесі уақытша жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Ташенов көшесі бойында Ташенов шағын көшесі қиылысынан Таха Хусейн көшесіне дейінгі аумақта 22 қыркүйек күні 23:00-ден 25 қыркүйек 06:00-ге дейінгі аралықта көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жолдың жабылуы жол жөндеу жұмыстар жүргізуіне байланысты болмақ. 

Ташенов көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты

№№ 2, 10, 31 бағыттардың қозғалысы Ташенов көшесінен Бараев және Кравцов көшелеріне уақытша ауыстырылады.

Астана қаласының ІІД ӘПБ елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерге тап болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.