«Сарыарқа ауданындағы Көктал-2 елді мекенінің Тілендиев даңғылында орналасқан жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» жобасы аясында «Құтты мекен» ТК құрылысына байланысты 2017 жылдың 28 қарашасында сағат 14:30-да көлік қозғалысына шектеу қойылады. Тілендиев даңғылындағы қозғалыс нысанның құрылысы аяқталған соң ашылатын болады.
Тілендиев даңғылындағы қозғалысты Қайнар көшесі ауыстыра алады.
Астана қаласының ІІД жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.