Астанадағы Тілендиев даңғылының бойында көлік қозғалысы тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-17 қазанда жөндеу жұмыстарына байланысты Н. Тілендиев даңғылынан Бейсекова көшесіне дейінгі жолдың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында хабарланды.

Алдымен Бейсекова көшесінің С. Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады, содан кейін Тілендиев даңғылының Ақан сері көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Келесі кезеңде Бейсекова көшесінің Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады. Сондай-ақ, Тілендиев даңғылы Мәскеу көшесінен Ақан сері көшесіне дейін жартылай жабылады.