Астанадағы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып  генерал-майор Мейрам Қабденұлы Ысқақов тағайындалды.

Бұл жайында елорда әкімдігінің мәліметтерінде хабарланған.

Ол Қазақстан Республикасы ТЖ министрі Владимир Божконың 2012 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен тағайындалып отыр. Ал бұған дейін осы қызметті атқарған  Жұмабай Ескендіров зейнет демалысына шықты. 

57 жастағы М. Ысқақов бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры болып жұмыс жасаған.

ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «ТЖ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметіне еңбек сіңірген қызметкер», «Байланыс әскерлеріне 90 жыл», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Отбасылы, 2 баласы бар.