Астанадағы Тұран және Қабанбай даңғылдарында көлік қозғалысы шектеледі
16:21, 06 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан» - «Грузия» арасында футбол матчы өтеді. Осыған байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойымен жүк және жеңіл көліктер үшін қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Алайда қоғамдық көліктер мен такси қызметтеріне басымдық беріледі. Аталған шараға арнайы «Shuttle-Bus» автобустары жұмыс жасайтын болады.
Автобустардың жүру уақыты -18:00-19:00 арасы. Жеткізу орны - «Астана-Арена» стадионы. Адамдарды жинау нүктесі - «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті және «Астаналық цирктің» көлік тұрақтары.
Арнайы «Shuttle-Bus» автобустарының жолақысы қоғамдық көліктердегі бағалармен бірдей.