Бұған дейін 28 қаңтар күні 22:18-де Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінің үшінші қабатынан өрт шыққанын хабарлаған едік. Тұрмыстық заттар мен балкон өртеніп, жалын 15 шаршы метр ауданды шарпыған.
Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.