Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, оқиға 1 қараша күні кешкі сағат бес жарымда Сейфуллин көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде болды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 62 шаршы метрді құрады.
Тілсіз жау ТЖД өртке қарсы құрылымдарының 18 адамы мен 4 техниканың және ҚР ТЖМ Апатты медицина орталығының 3 адамы мен 1 техниканың күшімен екі сағатқа жуық уақыттан кейін ауыздықталды.