Астанадағы түтін Ресей ормандарының өртінен келіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қаладағы түтіннің неден пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте астана қысқы жылыту маусымында ғана түтінге оранатын. Бірақбүгінгі түтін Сібір ормандарындағы өртпен тығыз байланысты. Желдің бағытыменөрт түтіні Қазақстан аумағына да жетті», - деп түсіндірді С. БайғабыловҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта.

Оның айтуынша, 25 шілдеде Ресей Федерациясының Иркутск облысы менКраснояр өлкесінде 1 млн гектардан астам орман өртеніп жатыр.

«Сәйкесінше, өрт түтіні елордаға жетті. Екі күннен бері Павлодарқаласының тұрғындары дәл осындай түтінге тап болған еді. Оның құрамында зияндызаттар жоқ. Тұрғындардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алаңдауға данегіз жоқ», - деді депаратмент басшысы.

С. Байғабылов түтіннің шамамен екі күнге созылатынын айтты. Демалыскүндері ауа райы қалпына келеді.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласының 24 мен 25шілдедегі атмосфералық ауаның жай-күйін айтып берді.

Сондай-ақ, Павлодар облысы да соңғы екі күн бойы күйіктің иісі араластүтінге оранған.



Соңғы жаңалықтар