Астанадағы Уәлиханов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Ш.Уәлиханов көшесінің Абай даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде нөсер кәріз жүйелері жартылай ауыстырылып, орташа (ағымдық) жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.

Осыған байланысты 6-15 сәуір аралығында көшенің аталған бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, ал 16 сәуірден 1 мамырға дейін толығымен жабылады.

«Жол жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.