Бұдан бұрын хабарланғанындай, ауа райы жағдайына байланысты Алматыға сапарын бастауға мүмкіндік бермегеннен кейін Патриарх Кирилдің Қазақстанда болу бағдарламасы өзгерді.
Орыс Православ шіркеуі Епархиясының ақпараты бойынша, Патриарх Кирилдің Алматыдағы Вознесен кафедралдық соборындағы литургия рәсімі дүйсенбі күні, қаңтардың 18-інде, сағат 8:00-де болады. Патриархтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында жұртшылықпен кездесуі әзірге жоспарланғанындай, жексенбі күні, қаңтардың 17-сінде, сағат 16:да өтпек.