Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, А. Янушкевич көшесінің А. Иманов көшесінен бастап А. Пушкин көшесіне дейінгі аралығында асфальт төселеді.
Осыған байланысты, осы жылдың қазан айының 23 күні сағат 15:00-ден 27 күні сағат 21:00-ге дейін аталған учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұрайды.