«А.Иманов көшесінен Абай даңғылына дейінгі А.Янушкевич көшесінің аумағын қайта қалыпқа келтіру» жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 12-14 шілде аралығында Янушкевич көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына алдын ала бағыттарын белгілеп алуға кеңес береді.