Астанадағы жаңа зиратта мешіт салынуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық перспективті даму бөлімінің жетекшісі Александр Терещенконың айтуынша, жаңа жоба аясында зираттың аумағында мешіт тұрғызу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, болашақта ол жерде мешіт, шағын шіркеу, қаза болған адаммен қоштасу үйлері салынады. Жобаның алғашқы кезеңінде жаңағы қоштасу үйі салынса, екінші кезеңде мешіт мен шағын шіркеуді салу жоспарланып отыр. Жоспар бойынша ондай нысандар бар. Алайда мешітпен шіркеудің жобасы әлі әзірленген жоқ. Сондықтан тұжырымдама болса да, нақты шешім қала басшылығының деңгейінде қабылданады», - дейді Терещеко.

Оның айтуынша, зират аясындағы құрылыстарға жекеменшік инвестицияларды тарту жоспары бар.

Айта кетейік, Көкшетау қаласына баратын айналма жолдың солтүстік-шығыс жағында жаңа зиратты салу туралы шешім қабылданды. Себебі елорданың ішіндегі және сыртындағы зираттарда адам жерлейтін жер қалмаған .