Мамырдың 1-і күні, сағат 23.00 шамасында елордадағы «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде 10 киловаттық электр сымының зақымдануынан электр жарығы сөніп қалған. Жөндеу жұмыстары келесі күннің қас қарая бастаған кезінде аяқталып, электр жеткізілімі жандандырылды.
Төтенше жағдайды жоюға «Қалалық электр желілері» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.