Әйелдің денесі сағат 01.18-де табылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 15 наурыз күні сағат 17.06-да Астана ТЖД пультіне Алаш тас жолы бойындағы "МолПродуктсервис" ЖШС екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға салдарынан үш адам жапа шегіп, ауруханаға жатқызылды. Бір адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде әйел адамның денесі табылды.