«Екі бала нейрохирургия бөлімшесінде, ал бір бала жансақтау бөлімшесінде, тағы біреуі амбулаториялық ем қабылдап жүр», - деп хабарлады аурухананың қабылдау бөлімінен.
Еске сала кетейік, Асан Қайғы көшесімен келе жатқан «Lexus» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Иманов көшесінің қиылысында «Мерседес» көлігіне жол берместен өтуге ұмтылып, қақтығысқан болатын. Көлік соқтығысынан «Lexus» жүргізушісі рульді бұрып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді басып, жол бойында тұрған «Лада» көлігін де түйіп өткен. Бұдан соң, «Lexus» көлігі соққының қаттылығынан «ZAZ» маркалы көлігіне қарай аударылып, ол болса серпінмен тағы бір «Митцубиси» маркалы көлікті соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші төрт бала зардап шекті. Атап айтқанда, 2002 жылы, 2005 және 2007 жылы туған төрт бала әртүрлі дене жарақатымен ауруханаларға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккен балалар №2 балалар ауруханасына жеткізілген болатын.