Астанадағы жұқпалы аурулар ауруxанасының орнына не салынатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Күмісбеков көшесінде орналасқан қалалық жұқпалы аурулар ауруxанасы сүріле бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауруxана орналасқан жер учаскесінде ҚР ІІМ Астана қаласы ішкі істер департаментінің шұғыл әрекет ету арнайы жасағының ғимаратының құрылысы жүргізіледі», - делінген Астана әкімдігінің «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.

Бұның алдында xабарлағанымыздай, елорда сақшылары жайсыз жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр. Жеке құрамның тек 42%-і ғана қызметтік кабинетпен қамтамасыз етілген. Ал полиция бөлімшелерінің ғимараттары тиісті стандарттарға сай келмейді. Оның жартысы нашар күйде.

Есіл аудандық ішкі істер басқармасы 2 коттедж жалдауда. Оған жыл сайын 88 млн. теңге жұмсалады. Жалпы ІІД үш ғимаратта орналасқан. Оның бірі 1906 жылы салынған болса, екіншісі - 1946 жылы, үшіншісі - 1976 жылы тұрғызылған.