«Бүгінде ресми емес жұмыссыздық деңгейі туралы айту қиындау. Алайда, елордаға тән өмірлік қарқын мен толассыз көші-қон ағыны ресми емес жұмыссыздық ауқымы ресми деректермен салыстырғанда 2-3 есе артық болуы мүмкін екенін байқатады», - деді ол.
Оның мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде Астанадағы жұмыспен қамту қызметтерінде 24 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Бірақ та, осыған қарамастан, республика бойынша елордалық жұмыссыздық көрсеткіші ең төменгілердің санатында.
«Қалалық биліктің белсенді іс-қимылының арқасында бұл көрсеткіш соңғы бес жыл қатарынан тұрақты болып келеді. Ол үшін қала әкімінің тапсырмасымен шаһардағы проблемаларды шешуге бағытталған іс-қимылдардың нақты алгоритмі жүзеге асырылды. Олардың барлығы үш негізгі құжаттың мақсаттарына, яғни 2015 жылға дейін Астананы дамыту бағдарламасына, «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасына және 2013-2014 жылдары еңбек нарығын реттеу бойынша елордалық әкімдіктің жалпы қалалық іс-қимылы жоспарына негізделген», - деді А. Балаева.
Нәтижесінде, жыл сайын қалада 15 мың жаңа жұмыс орындары құрылуда. Олардың басым бөлігі әлеуметтік секторға тиесілі.