Энергетиктер ақпан айында жылуға неге ақының көбейіп келетінін тағы бір рет түсіндіріп берді.
«Жылудың бағасы көтерілген жоқ. Бұған дейін аязға байланысты жылуды тұтыну мөлшері мен оның шығыны өскенін айттық. Тұрғындар өздері тұтынған жылуға қана төлейді» дейді компания.
Энергетиктердің айтуынша, жылу ақысы жалпы үйдегі есептегіш аспап арқылы есептеледі. Әдетте күн жылына бастағанда тұрғындардың жылуды қолдану мөлшері кемиді, осыған сәйкес төлем де азаяды.