Астанадан 50 шақырым жердегі түзету мекемесінде арнайы жаттығу өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Астанадан 50 шақырым жердегі ЕЦ-166/5 түзету мекемесінде бүгін, дүйсенбі күні сотталушыны іздеумен және ұстаумен байланысты арнайы жаттығу өтуде,

деп хабарлады    Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің  төрағасы,   әділет генерал-майоры   Мейрам Аюбаев. 

Шараның   негізгі мақсаты -   түрмеден  адамдар  қашқан  жағдайда    оларды ұстауға   тартылатын  күштердің бірлескен іс-қимылдарын  әрі  қарай жетілдіру  болып  табылады.

Жаттығуға    Ақмола  облысы Аршалы  аудандық  ішкі істер бөлімі  мен  Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің бөлімшелерінің  қызметкерлері  қатысады. Жаттығуға  барлығы 150  адам жұмылдырылады.